
ХХ ғасырдағы қазақ вокал өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі
11.05.2026
Назaрбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ален Акемей
11.05.2026Қазақстан халқының бірлігі күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанындағы «Алдар көсе» театрының әртістері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты музыкалық кеш өтті. Кешке қатысушылар қарым-қатынас ахуалының қалыптасуы және Қазақстандағы түрлі халықтардың дәстүрлері қалай үйлесімді тоғысатыны туралы әңгімеледі. Кеш шынайы қарым-қатынасқа толы жылы ахуалда өтіп, әртүрлі халықтардың әндерімен өрнектелді. Неміс «Возрождение» қоғамы, поляк «Полония» орталығы, болгар және татар орталықтарының өкілдері өз дәстүрлерімен бөлісіп, ана тілдерінде ән орындады. Кештің ерекше сәнін театр клубының қатысушылары -Галина Кожевникова, Галина Егорова, Алма Анафина және Юлия Гареева келтіріп, павлодарлық ақындардың өлеңдерін оқыды.










