
«Композитор, музыка танушы, жазушы»
08.04.2026
Музейде Ілия Жакановтың 90 жылдығына арналған
15.04.2026«Иду за счастьем»
Композитор Александр Зацепиннің 100 жылдық мерейтойына орай «Иду за счастьем» атты кеш өткізілді. Композитор Қазақстанды өзінің шығармашылық бастау алған мекені ретінде ерекше құрметпен атайды. Осында ол кәсіби білім алып, кино өнеріндегі алғашқы қадамдарын жасап, Шәкен Аймановпен нәтижелі шығармашылық серіктестік орнатты. Александр Зацепин мен Шәкен Аймановтың шығармашылық тандемі ХХ ғасырдың 50–60 жылдарындағы қазақ кино өнерінің дамуына зор ықпал етті. Қазақфильм киностудиясында қызмет еткен композитор режиссердің бірқатар фильмдеріне музыка жазып, халық жадында сақталған әсем әуендер тудырды. Кеш барысында көрермендер «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Узнай меня», «Иван Васильевич меняет профессию» кинотуындыларынан үзінділер тамашалап, музей қорында күйтабақтарда сақталған «С любовью встретиться» және «Погоня» әндерін тыңдады.
«Иду за счастьем» — под таким названием прошёл вечер, посвящённый 100-летию композитора Александра Зацепина. Александр Зацепин называет Казахстан своей творческой родиной: именно здесь он получил образование и начал работать в кино, сотрудничая с Шакеном Аймановым. Их творческий тандем стал знаковым для казахского кино 1950-х начала 1960-х годов. Работая на киностудии «Казахфильм», Зацепин создал музыку к фильмам Айманова, подарив зрителям мелодии, ставшие классикой.
Гости вечера посмотрели фрагменты из любимых фильмов: «Наш милый доктор», «Ангел в тюбетейке», «Узнай меня», «Иван Васильевич меняет профессию».
Также прозвучали известные песни «С любовью встретиться» и «Погоня» с пластинок, которые бережно хранятся в фондах музея. Вечер стал настоящим путешествием в мир кино и музыки, наполненным теплом, воспоминаниями и любимыми мелодиями.
















