
Алтын кілт
12.06.2026
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
12.06.2026«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА
Қ. Бекқожин атындағы мектептің бастауыш сынып оқушыларына көрнекті балалар ақыны Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай «Весёлые строчки для небольших человечков» атты іс-шара өткізілді. Балалар бірегей күйтабақтар топтамасымен танысып, олардың арасынан кеңестік белгілі актриса Римма Зелёнаяның орындауындағы Агния Барто өлеңдерінің жазбаларын тыңдады.
Жас тыңдармандар ақын шығармашылығымен қызығушылықпен танысып, бірнеше ұрпаққа жақсы таныс «Зайку бросила хозяйка», «Наша Таня громко плачет», «Идёт бычок, качается» атты өлең жолдарын сүйсіне тыңдады. Балалардың ерекше қызығушылығын танымдық викторина тудырды. Олар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетіп, алған әсерлерімен бөлісті.





