
«Балалық шақтың музыкалық каруселі»
12.06.2026
Алтын кілт
12.06.2026Бізді біріктірген рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай музейде «Бізді біріктірген рәміздер» атты музыкалық кеш өтті.
№6 орта мектептің оқушылары еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихын, олардың мәні мен қоғам өміріндегі рөлін еске алды.
Ерекше қызығушылық тудырған сәт- 1965 жылғы сирек мұрағаттық жазба, Жамал Омарованың орындауындағы «Менің Қазақстаным» әні болды. Оқушылар бұл әннің жылдар өте келе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының негізіне айналып, өзінің терең патриоттық үнін сақтап қалғанын білді.
Сонымен қатар қонақтар музыкалық викторинаға белсене қатысып, өз білімдері мен зерделіліктерін сынап көрді. Іс-шара жылы, танымдық және шабыт сыйлаған рухани көңіл-күйде өтті.






