
Халықаралық музейлер күні мен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті.
26.05.2026
Валерий Ободзинскийдің туған күніне арналған музыкалық кеш өтті.
26.05.2026Михаил Булгаковтың 135-жылдығы.
Жазушы Михаил Булгаковтың 135-жылдығына орай ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.
Наум Шафер тек музыкатанушы әрі коллекционер ғана емес, сонымен қатар Булгаков шығармашылығын терең зерттеген ғалым болды. Ол ұзақ жылдар бойы жазушының шығармаларын, өміріне қатысты материалдарды, қолжазбалар мен сирек басылымдарды жинақтады. Коллекциядағы ерекше құндылықтардың бірі — көркемсөз шеберлерінің орындауындағы Булгаков шығармалары жазылған грампластинкалар.
Атаулы күнге орай музейде тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда Михаил Булгаковтың кітаптарымен қатар булгаковтанушы Наум Шафердің қолжазбалары, сирек пластинкалар мен музей қорындағы материалдар ұсынылды.
Кеш соңында көрермендерге «Собачье сердце» көркем фильмінен үзінділер көрсетіліп, Михаил Булгаков шығармаларының тереңдігі, ирониясы мен бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған ерекшелігі тағы бір мәрте сезіндірілді.








