
«Исследователь казахской музыки Александр Затаевич» атты еске алу кеш
11.05.2026
Академик Ахмет Жұбановтың 120-жылдығына орай
11.05.2026«Қазақ музыкасын зерттеуші Александр Затаевич»
«Қазақ музыкасын зерттеуші Александр Затаевич» атты кеш музей белсенділерін біріктірді.Қонақтар Александр Затаевичтің өмірі және шығармашылығымен танысты. Ол XX ғасырдың басында қазақ музыкалық мәдениетін сақтап қалуда шешуші рөл атқарған тұлға. Ол алғаш рет қазақ халық әндері мен күйлерін кең көлемде жазып алып, халық орындаушыларынан 2300-ге жуық туындыны тіркеген.
Затаевич – «Қырғыз халқының 1000 әні» және «500 қазақ әні мен күйі» атты іргелі жинақтардың авторы. Бұл еңбектер бүгінгі күнге дейін баға жетпес рухани мұра болып саналады.
Кеш барысында пластинкалардан Турсынхан Абдрахманованың орындауындағы «Жайдарман» әні және Сергей Рахманиновтың «Симфониялық билер» шығармасынан үзінді тыңдалды. Бұл туындыда Затаевич жазып алған «Япурай» қазақ әуені қолданылған.
Сондай-ақ музей қорынан және Павлодар облыстық поляктар қоғамы ұсынған кітаптардан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Александр Затаевичтің өлшеусіз еңбегінің арқасында қазақ музыкасы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, әлемдік сахналарда орындалып, бүгінге дейін өз өмірін жалғастырып келеді.





