
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
12.06.2026Бүгін музейімізде К. Бекхожин атындағы орта мектептің тағы бір оқушылар тобы қонақта болды!
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
Бүгін музейімізде К. Бекхожин атындағы орта мектептің тағы бір оқушылар тобы қонақта болды! Оқушылар музыка әлеміне қызықты саяхат жасап, музейдің тарихымен және бірегей күйтабақтар топтамасымен танысты. Сонымен қатар музейдің негізін қалаушы туралы, музыкалық шығармаларды сақтаудың әртүрлі тасымалдағыштары мен әр кезеңнің ойнатқыш құрылғылары жайлы мағлұмат алды.
Әсіресе музыкалық аспаптарға арналған викторина балалардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар өз білімдері мен зеректіктерін көрсетіп, белсенді қатысты.
Кездесу көпшілік сүйіп ойнайтын «Әуенді тап» музыкалық ойынымен аяқталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады!
Белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жаңа кездесулерде жүздескенше!






