Музейдің кітапхана қорында сақталған коллекционер Н.Г. Шафердің жеке кітапханасында кітаптармен қатар «Частная коллекция Н.Г.Шафера» және «Библиотека Н.Г.Шафера» деген мөртаңбалары бар әртүрлі баспа өнімдері (брошюралар, оқу құралдары, либреттолар, самиздат басылымдары) сақталған.

Жалпы саны – 12973 бірлік:

Кітаптар – 9 356 дана;

«Огонек» брошюралары (12,5 × 16 см) – 762 дана;

Оқу-әдістемелік құралдар – 195 дана;

Либреттолар – 28 дана;

Самиздат басылымдары – 452 дана;

Брошюралар (әдеби, музыкалық, бағдарламалар, күнтізбелер) – 2 180 дана.